Астанада 5 мыңға жуық Георгиев лентасы таратылмақ

АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін таңертеңнен бері Астанада Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 67 жыл толуына орай Георгиев ленталары таратылуда.
None
None

Елорда әкімдігі таратқан ақпаратқа сәйкес, екі күн ішінде Ұлы Жеңіс құрметіне 5 мыңға жуық лента таратылмақ. Аталмыш шара әкімдік ғимараты алдындағы алаңда өтуде.

Георгиев ленталарын тарату дәстүрлі шарасы әлемнің 30 елінде қолдау тауып, белсенді түрде өткізіледі. Ал Қазақстанда 2005 жылдан бері қолға алынды. Бүгінде аталмыш ленталар Жеңіс күніне орай ұйымдастырылатын салтанатты шаралардың ажырамас бөлігіне айналды. Жеті жыл ішінде әлем бойынша 70 миллион Георгиев лентасы таратылды.

Қоғамдық шараның көздеген мақсаты - қан майданда жеңіс үшін жанын пида еткен бабалар рухына тағзым ету.

Соңғы жаңалықтар