Астанада 5 жасар сәби 2-ші қабаттан құлап кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласындағы Алматы ауданы Мұстафин көшесінде орналасқан 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің 2-ші қабатынан 5 жасар сәби құлап кеткен.
Оқиға кеше кешкі сағат 6-лар шамасында орын алған. 2009 жылы туған А.Ергашбай түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.