Астанада 5 жыл ішінде мыңнан аса жер телімі пайдаланылмай келген
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2012 жылдың 11 сәуірінен бері Астана қаласының әкімдігі прокуратура органдарымен бірлесіп құрылыс салуға берілген жерлердің игерілу процесстерін бақылайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Барлық кезеңде қала аумағында жалпы көлемі 16,0 гектар болатын 1084 пайдаланылмаған жер телімі анықталған. Оның 269-ы мемлекетке қайтарылған. 77 гектарды құрайтын 33 учаске 2016 жылы тапсырылған («Паритет 2003» ЖШС, «Астана Бетон-Строй ЛТД» ЖШС, жеке тұлғалар Омаров Ж.А., Мурзабекова З және т.б.) және аумағы 4,3 га 2 телім 2017 жылы өткізілген. ( «ДинамоАвтоЦентр» ЖШС, «Мечта» ЖШС);
473 учаскеде иелері мен жер пайдаланушылар жерді игеруге кірісті. 2016 жылы қалған 342 жер телімінің иелеріне пайдаланылмайтын жерлерді алуды қамтамасыз ету Жол картасына сәйкес, 1 жыл ішінде жерді мақсатты пайдалану туралы ескерту берілді. Бұл мерзім ішінде иелері жерді іске жаратпаса, сот мәжбүрлі түрде жерді қайтарып алу туралы шешім шығарады.
Қазіргі таңда қорытынды зерттеу жүргізіліп аумағы 65,4 гектар 18 жер теліміне қатысты талап қойылды.