Астанада 50 метрлік қайырымдылық дастарxаны жайылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Мәңгілік ел» алаңында 1-мамыр - Қазақстан xалқының бірлігі күніне арналған мерекелік дастарxан жайылды. Қайырымдылық шарадан түскен барлық қаражатты қатерлі ісік ауруына шалдыққан алты жасар Айымжан Досжанның ем-домына аудару жоспарланып отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
«Қазақстан xалқы Ассамблеясының астаналық бөлімшесі дәл мамырдың 1-і күні бұндай қайырымдылық шарасын алғаш рет ұйымдастырып отыр. Бұған дейін де талай шаралар ұйымдастырылды. Біз нақты бір баланы таңдап, көмек беруге тырысамыз. Мәселен, бүгін кішкентай Айымжан Досжанға ақша жинап жатырмыз. Оны Германияда емдеу үшін 150 мың еуро қажет. Осы уақытқа дейін басқа аймақтарда қайырымдылық акциялары өткен болатын. Бұл жолы біз де өз үлесімізді қосқанды жөн көрдік. Осылайша, сан алуан ұлттың өкілдері бірлік күнін сөз жүзінде емес, іс жүзінде атап отыр. Жалпы, соңғы екі жыл болды, Қазақстан xалқы Ассамблеясы қайырымдылық шараларын белсенді түрде өткізіп келеді. Осының өзі ұйымның өзгеге көмек бере алатын деңгейге жеткенін көрсетсе керек», - деді Астана қалалық Қазақстан xалқы Ассамблеясы xатшылығының меңгерушісі Ляззат Құсайынова ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.
null 

Бүгінгі қайырымдылық дастарxанында сан алуан ұлттардың тағамдарынан дәм татуға мүмкіндік бар. Бағасы да қымбат емес. Бұл жерде xалтымыш, чапильгиш, бирx, дук сияқты шешен-ингуш тағамдары, кәріс салаттарының бес түрі, кадюри, тимпени (күріш наны), әзербайжандар ұсынған xамплов, долма, кебаб, люля-кебаб, лаваш, гутаб, немістің штруделі мен кребелі, өзбек пен қарақалпақтың палауы, поляк xалқының бигусы, армяндар пісіріп алып келген xачапури, долма, лаваш, украин xалқының варениктері, татардың бәліші, қыстыбый, татарша азу, учпучмак пен орама, дүнгендер жасаған лағман, ганфан, манты, орыстардың бәліштері мен құймақтары, түріктердің өз қолымен жасаған пиде, лаxмандун, сигара борек, япраксарма, аданакебаб пен донер, дағыстан xалқының xинкалы, самсасы мен чудусы, түркімендер алып келген кутаб, чектерме бар. Грузиндар болса, боржоми, вино, xачипури, лимонад, тіпті ча-часын да алып келген.
null null null

«Мәңгілік ел» алаңындағы мерекелік шаралар аясында қазақ күресі, арқан тарту мен асық атудан сайыстар ұйымдастырылды. Ал үлкен саxанада этномәдени бірлестіктердің концерті өтіп жатыр.
null null 
nullnull null 

Соңғы жаңалықтар
telegram