Астанада 50 мың теңге пара алған департамент басшысы ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Астана қаласы бойынша департаменті «ҚР Ұлттық экономика министрлігі тұтынушылар құқығын қорғау бойынша комитеті Көліктегі тұтынушылар құқығын қорғау бойынша департаменті» РМК-нің басшысы А.Асқаровты ұстады.

Астанада 50 мың теңге пара алған департамент басшысы ұсталды

А. Асқаров өзінің қызметкерінен 50 000 теңге көлемінде пара алғаны анықталды, деп хабарлайды Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының баспасөз қызметі.

Қазір Асқаров А. Астана қалалық ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.