Астанада 505 жасөспірім ІІД-нің алдын алу есебінде тұр - А. Әубәкіров

ТАНА. 20 қазан. ҚазАқпарат - Астанада 505 жасөспірім ІІД-нің алдын алу есебінде тұр. Тіркелгендердің 479-ы - оқушылар.

Астанада 505 жасөспірім ІІД-нің алдын алу есебінде тұр - А. Әубәкіров

Бұл туралы елордадағы мектеп, лицей және колледж директорларымен кездесу өткізген Астана қалалық ІІД-нің бастығы Амантай Әубәкіров мәлім етті.

Астанада кәмелеттік жасқа толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтарды алдын алу мәселесіне арналған жиында Білім басқармасының өкілдері, 6 мектеп, 7 кәсіптік лицей және 28 колледждің директорлары қатысты.

Қалалық ІІД бастығы Амантай Әубакіров, білім беру мекемелері мен полицейлердің ұжымдаса қызмет еткен кезде ғана кәмелет жасына толмағандардың арасындағы қылмысты азайтуға болатындығын ерекше атап өтті.

«Осындай шаралар өсіп келе жатқан буынға тәрбие беру ісінде тиімді жұмыс жасауға және тығыз әріптестік орнатуға септігін тигізеді», - деді ол.

Жиын қорытындысында ата-аналар кеңесі, мектеп және полиция арасындағы қарым-қатынасты дамытуға арналған бірқатар шешімдер қабылданды.

Сонымен қатар ай сайын бірлескен кеңестерді өткізу бойынша уағдаластық жасалды.