Астанада 52 құрылыс нысаны Астана комиссиясының бақылауында қалып отыр
Азаматтардың жасаған өтініштерінің арқасында ведомствоаралық комиссия пәтерлерді, тұрғын үйлерді немесе коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатып алу үшін пайызсыз несие беретін тұтынушылар кооперативтерінің жұмысынан "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұзудың жаңа оқиғаларын анықтады.
Кооперативтердің қаржылық қоры келесі әдіспен қалыптасады: 10 мүшесі болған кезде оның әрқайсысынан 20 пайыз көлемінде бастапқы салым алынады. Жиналған сомаға бір пәтер сатып алынады және белгіленген кезекпен кооперативтің бірінші мүшесінің меншігіне беріледі. Келесі қатысушылар жаңа қатысушылардың салымдарынан немесе кооперативтердің ағымдағы мүшелерінің ай сайынғы салымдарынан қаржының жинақталуын күтеді.
Бүгінгі күні келесі кооперативтер осылай жұмыс істейді: «Единый выбор», «Бест Вей», «Фри Хоум» и «Свой квадрат».
- Пәтерлерді сатып алудың бұл схемасын біз «пирамида» ретінде бағалаймыз, және ол сенімшіл азаматтарды жаппай алдауға алып келеді, - деп хабарлайды ВАК.
Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев Мемлекеттік кіріс департаментіне, Ішкі істер департаментіне және елорда прокуратурасына ондай компаниялардың қызметіне құқықтық баға беруді және қажет болған жағдайда олардың қызметін тоқтату бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.
Қосымша түрде келесіні хабарлаймыз. «Крыша.кз» интернет-сайтында келесі сипаттағы жарнама орналастырылған: «Құрылыс компанияларынан бастапқы салымсыз пайызсыз бөліп төлеу...».
Бұл жерде Е634, Е418, Е425 және Е517 көшелерінің қиылысында «Оазис-Астана» ТҚК салып жатқан "Оазис" тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді сату туралы айтылып отыр. Аталған ТҚК үлескерлердің қаржысын тартуға құқықтық негіздері жоқ. Өйткені жер телімі және рұқсат беруші құжаттар «Astana City Stroy» ЖШС-іне тіркелген.
Бүгінгі күні мемлекеттік сараптаманың оң шешімі мен құрылыс жүргізуге рұқсаттың жоқтығына байланысты тұрғын үй кешенінің құрылысы басталмаған.