Астанада №52 жəне №54 автобустар жол қозғалысынан шығады
«Тамыз айынан бастап қалада №№100,101, 102,103,104 бағдарлы экспресс-автобустарды жолға шығарған едік. Бұл автобустар сол кезде жойылады деп жоспарлағанбыз, бірақ, халық осы автобустардың орнына жүретін бағдардарға үйренсін деп, кейінге шегердік. Енді №52 автобус мүлде жүрмейді, ал 54 автобустың орнына Жібек жолы ауылына дейін баратын жаңа №105 экпресс-автобус жолға шығады. Бұл автобуста жолаушылар үшін барлық жеңілдіктер сақталады», - деді А.Жамалова.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, ертеңнен бастап елордада Астана-Тайтөбе арасында №302 автобус (жолақы мөлшері 150 теңге), Астана-Қосшы арасында №303 автобус (жолақы 130 теңге), Астана-Жібек жолы арасында №304 автобус (жолақы 160 теңге), Астана-Талапкер арасында №306 автобус (жолақы 120), Астана-Қоянды арасында №307 авобус (жолақы 100 теңге), Астана-Воздвиженка арасында №311 автобус (жолақы 140 теңге) жүреді.
А.Жамалова бұл автобустардың барлығы жоғары класты (Hyundai жəне Mercedes) автобустар, орындықтары жұмсақ əрі ыңғайлы екенін атап өтті.