Астанада 525 спорттық ұйым жұмыс істейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының мәліметінше, бүгінде қалада 525 спорттық ұйым жұмыс істейді, деп жазады astana.gov.kz.
Атап айтқанда, 30 000 орындық «Астана Арена» жабық стадионы, екі спорт сарайы, құрама командалардың екі оқу-жаттығу орталығы, 13 спорт кешені, 6 спорт манежі, бір шаңғы базасы, 26 атыс орны, 17 хоккей және 22 теннис алаңы, 19 жүзу бассейні, 182 спорт залы, сондай-ақ басқа да бірқатар спорт нысандары бар.
Бұдан басқа, Астанада ұлттық спорт түрлері мен бұқаралық дене шынықтыру сауықтыру клубы ашылып, белсенді жұмыс істеп келеді. Мұнда гір көтеру, пауэрлифтинг, армрестлинг және тоғызқұмалақ пен қазақша күрестен жаттығулар өткізіледі.
Елордада қоғамды спортқа және салауатты өмір салтына тарту үшін дене шынықтыру-сауықтыру шаралары, кешенді жарыстар мен байқаулар жүйелі өткізіліп тұрады. Жалпы, екі жылда 600-ге жуық спорттық шара ұйымдастырылды.