Астанада №53 автобустың қозғалысы тоқтатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, сұраныстың төмен болуы және тиімсіздігі салдарынан 28 сәуірден бастап қалада №53 жедел маршруты бағытындағы автобустың қозғалысы тоқтатылады.

Астанада №53 автобустың  қозғалысы тоқтатылды

Еске сала кетейік, жедел маршруттардың біріне жататын №52 автобус өткен жылдың наурыз айынан жүргізіле болатын. Қалалық №52э экспресс-маршруты «Аймақаралық аурухана - Манас көшесі - Ш.Құдайбердіұлы көшесі - Ғ. Мұстафин көшесі - Б. Момышұлы даңғылы - Р. Қошқарбаев даңғылы - М1 көпірі - Орынбор көшесі - Д.Қонаев көшесі - Қабанбай батыр даңғылы - соңғы аялдама: «Лесная поляна» тұрғын алабы» сызбасы бойынша қатынайды. Өз жұмысын жалғастыратын тағы бір №54э жедел жолаушылар көлігі Жібек жолы тұрғын алабынан «Балбала» балабақшасына дейін келесі бағыт бойынша қатынайды: Жібек жолы т/а - Қарағанды тас жолы - Абылай хан даңғылы - Кенесары көшесі - Жеңіс даңғылы - С.Сейфуллин көшесі - №188 көше - соңғы аялдама: «Балбала» балабақшасы. Экспресс-маршруттардағы жол жүру құны: ересектер үшін - 120 теңге, балаларға - 60 теңге. Қажетті құжаттарды көрсеткен жағдайда бұл маршруттарда ҰОС ардагерлеріне, I, II және III топтағы мүгедектерге, көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға, зейнеткерлерге жол жүру ақысына жеңілдіктер жасау қарастырылған, деп хабарлайды astana.kz.