Астанада 55 жалған кәсіпорын құрған азаматша ұсталды
АСТАНА. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Астанада 55 жалған кәсіпорын құрған азаматша ұсталды. Бұл туралы бүгін Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.
Оның деректеріне қарағанда, аталмыш азматша 805 контрагентпен сыбайласқан және олардың айналамындағы қаржы құны 8,5 миллиард теңгені құраған. «Осының өзі заңсыз кәсіппен айналысатындардың жалған кәсіпкерлікке деген сұранысы қаншалықты жоғары екендігін көрсетсе керек. Яғни жалған кәсіпкерлік заңсыз қаржыны қолма-қол ақшаға айналдыру мен салық төлеуден жалтарудың маңызды құралдарының бірі болып отыр. Сондықтан да қаржы полициясы органдары онымен күресті одан әрі де жандандыра беретін болады», - ресми өкіл.