Астанада 6 автобустың бағдары уақытша өзгерді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 6 автобустың бағдары уақытша өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, №12, 40, 43, 47, 51, 53 автобус бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.
Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.
Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - деп мәлімдеді «City Transportation Systems» ЖШС.