Астанада 6 шілдеде автобус бағыттары түнге шейін жүреді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада 6 шілде күні «Қазақ елі» монументі маңымен жүретін қалалық 10 автобус бағдарының жүріс уақыты түнгі 2:00-ге дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Бұл № 3, 4, 14, 19, 21, 26, 29, 32, 40, 50 бағдарлар.
Сонымен қатар, «Қазақ елі» монументінде өтетін Гала-концертке көрермендерді жеткізу үшін арнайы автобустар ұйымдастырылады. Қоғамдық көліктер «Жастар» сарайы, «Қазақстан» СК, «Астаналық цирк» тұрағы, «Нұр Астана» мешітінің тұрағынан жүреді.