Астанада 6 жасар қызды зорлаған күдікті қамауға алынды

АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Астанада 6 жасар қызды зорлады деген күдікпен 22 жастағы жігіт қамауға алынды.

Астанада 6 жасар қызды зорлаған күдікті қамауға алынды

Бұл туралы бүгін Астанада Ішкі істер министрлігінде болған баспасөз мәслихатында Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті бастығының орынбасары Қаламқас Темірова мәлім етті.

Ол жәбірленушінің көршісі екендігі анықталған. Ол қыз баланы алдау арқылы үйіне кіргізіп алып, зорлағаны анықталып отыр. Зорлау фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

«Астана қаласының ішкі істер бөліміне бір әйел адам хабарласып, 6 жасар қызын белгісіз біреудің зорлап кеткені туралы арызданған. Сол күні криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Кирпичный кентінің бұрын сотталған 22 жастағы тұрғынын ұстады. Ол жәбірленушінің көршісі болып шықты», - дейді Қ. Темірова.

Ұсталған уақытша ұстау орнына қамауға алынды.