Астанада 64 жастағы әйел 6-қабаттан құлап кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласыда Достық көшесі бойындағы тұрғын үйде 6-қабаттың терезесінен 64 жастағы әйел құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Көпқабатты үйдің 6-қабатындағы пәтерінің терезесінен 1953 жылы дүниеге келген әйелдің құлап кеткендігі туралы хабар Жедел басқару орталығына шамамен сағат 13-00-де түсті. Ол оқиға орнында көз жұмды. Оқиға бойынша жедел тергеу тобы жұмыс істеді», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қолышбекова.

Қазіргі уақытта әйелдің терезеден құлап кету себептері мен мән-жайын анықтау шаралары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар