Астанада «65 жыл - 65 әскери тағдыр» атты деректі фильм түсірілді

АСТАНА. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Астанада «65 жыл - 65 әскери тағдыр» атты деректі фильм түсірілді. Бұл туралы бүгін қала әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында фильмнің авторы Гауһар Женсейітова айтты.

Астанада «65 жыл - 65 әскери тағдыр» атты деректі фильм түсірілді

Ұлы Жеңіске 65 жыл толуына арналған деректі фильм - екі жобадан тұратын «Ұлы Жеңіс - ардагерлердің тағдырында» атты акция аясында түсірілді. Жобалардың біріншісінде Ұлы Отан Соғысының 65 ардагерінің қатысуымен фотосессия өтті. Ардагерлердің портреттері, аты-жөндері, шайқасқан жерлері мен өскелең ұрпаққа жолдаған өсиет-тілектері қаланың әр жерлеріне ілінген 85 билбордқа орналастырылды.

Екінші жобада «65 жыл - 65 әскери тағдыр» атты деректі фильм түсірілді. Оның авторлары: Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов, Кеңес Одағының батырлары Сағадат Нұрмағамбетов пен Аманжол Қалықов, сондай-ақ Тезекпай Абдрахманов, Сүлейман Айтқожынов, Мыңайдар Боранбаев және тағы басқалар.

«Біз жоба авторлары ретінде 65 адамды түсірдік. 65 жыл бұрын болған оқиғалар адамдардың әлі есінде. Олар оны көздеріне жас алмай еске түсіре алмайды», - дейді Г.Женсейітова.

Г.Жансейітованың айтуынша, жазылған материалдар 30 сағатты құрайды. Олар Қазақстанның барлық әскери бөлімдерінде, елорда мектептерінде өтетін ашық сабақтарда және телеарналарда көрсетілетін болады. Сондай-ақ картинаны Астана әкімдігінің ресми сайтынан көруге болады.