Астанада 7 автобустың жүру бағыты уақытша өзгерді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 7 автобустың жүру бағыты уақытша өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін № 15, 15А, 26, 35, 54, 60, 314 автобус бағдарлары Ұлы Дала даңғылы бойындағы «Арнау ТК» аялдама пунктінде Мәңгілік ел даңғылы бағытында уақытша тоқтамайды», - деп жазды «City Transportation Systems» ЖШС-нан.
Қозғалыс сызбасымен суреттен танысуға болады.