Астанада 7 айда 1 миллионнан астам адам көлікпен тасымалдау қызметін пайдаланды

АСТАНА. 23 тамыз. ҚазАқпарат - Елордада автомобиль көліктерімен, соның ішінде жеке кәсіпкерлердің тасымалдау қызметін қоса есептегенде, 2013 жылғы қаңтар-шілде айларында 1 106,9 млн. жолаушы тасымалданды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Статистика департаментінен хабарлады.

Астанада 7 айда 1 миллионнан астам адам көлікпен тасымалдау қызметін пайдаланды

Қаладағы көлік кәсіпорындарымен 195,5 млн. адамды (17,7%), ал жеке кәсіпкерлермен 911,4 млн. адам (82,3%) тасымалданды. Бұдан басқа, қала көлігімен өткен 7 айдың ішінде 63 390,9 мың тонна жүк тасымалданды, жалпы жүк айналымы 3 750,3 млн. тонна км құрады. 2012 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда тасымалданған жүк көлемі 10,4 пайызға артты.