Астанада 7 айда 339 жол-көлік оқиғасы тіркелді
АСТАНА. 12 тамыз. ҚазАқпарат - Елордада 7 айда 339 жол-көлік оқиғасы (ЖКО) тіркеліп, 356 адам жарақат алса, 36-сы қаза тапты. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қалалық ішкі істер департаментінің Жол полициясы басқармасынан хабарлады.
«Үстіміздегі жылдың қаңтар-шілде айларында 189 жаяу жүргіншіні көлік қаққан, соның ішінде 8 адам көз жұмса, 188-і түрлі дәрежедегі жарақат алған» делінген ақпаратта.
Жол апаттары көбінесе жазда орын алады. Себебі жол жабыны жүргізуші тарапынан қосымша назар аударуды қажет етпейді және жоғары жылдамдықпен көлік айдауға мүмкіндік береді. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, әрбір жетінші ЖКО жаяу жүргіншілер өткелінде орын алады.