Астанада 7 айда тауар айналымының көлемі 25,4 пайызға ұлғайды

АСТАНА. 16 тамыз. ҚазАқпарат - 2013 жылғы қаңтар-шілде айларында сатудың барлық арналары бойынша бөлшек тауар айналымының жалпы көлемі 2012 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 25,4 пайызға ұлғайды. Бұл туралы astana.kz сайтына елордалық статистика департаментінен хабарлады.

Астанада 7 айда тауар айналымының көлемі 25,4 пайызға ұлғайды

Киім-кешек, аралас және азық-түлік нарықтарындағы айналым көрсеткіші, сонымен қатар, жеке кәсіпкерлікпен айналысатын адамдар саны 7 айда өткен жылмен салыстырғанда 8,6 пайызға артқан.

Ал ресми тіркелген кәсіпорындарда бөлшек сауда айналымының көлемі 2013 жылдың қаңтар-шілде айларында былтырғыға қарағанда 33,3 пайызға өскен.

Бұдан басқа, көтерме сауда желісі арқылы үстіміздегі жылдың 7 айында тұтынушылық тауарлар мен өндірістік-техникалық мақсаттағы өнім 0,7 пайызға артық сатылған. Қазақстанда шығарылған тауарлардың үлесі 12,6 пайызды құрады.

Ведомствоның хабарлауынша, қоғамдық тамақтану қызметтерінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 23,7, ал көліктерге, мотоциклдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу қызметтері 2012 жылмен салыстырғанда 61,5 пайыз ұлғайды.