Астанада 7 елдің сұлулары «Хан шатыр аруы» атағы үшін таласатын болады
АСТАНА. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - 2012 жылдың 22 қыркүйегі күні Астанадағы «Хан шатыр» сауда, ойын-сауық орталығында «Хан шатыр аруы 2012» жыл сайынғы халықаралық сұлулық байқауы өтеді.
Астанадағы ең үлкен сауда, ойын-сауық орталығының сахнасында Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан және Грузия елдерінің 25 аруы бақ таластыратын болады.
Кеш жүргізушісі - Алексей Воробье (Мәскеу).
Бойжеткендердің өнерін Қазақстандағы Fashion TV-дің өкілі Зульфия Хайбулина, белгілі қазақстандық фотосуретші Ян Рай және тағы басқалар бағалайтын болады.