Астанада 7-Қысқы Азия ойындарының алауы салтанатты түрде тұтатылды

АНА 30 қаңтар. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін «Астана-Арена» стадионында өткен 7-Қысқы Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі барысында Азиаданың бас алауы тұтатылды.

Астанада 7-Қысқы Азия ойындарының алауы салтанатты түрде тұтатылды

Азиаданың бас алауын Әбілсейіт Айханов, Жақсылық Үшкемпіров, Ермахан Ыбырайымов, Дәулет Тұрлыханов, Бақтияр Артаев сынды еліміз спортының әйгілі тұлғалары мен олимпиада жеңімпаздары Сарыарқа күйінің сүйемелдеуімен салтанатты түрде тұтатты.