Астанада 7-ші қысқы Азия ойындары аясында шайбалы хоккейден алғашқы кездесулер өтті

АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астанадағы «Барыс» спорт сарайында 7-ші қысқы Азия ойындары аясында өткен шайбалы хоккейден премьер-дивизион санатындағы алғашқы кездесулер өтті.

Астанада 7-ші қысқы Азия ойындары аясында шайбалы хоккейден алғашқы  кездесулер өтті

Атап айтқанда, күндіз Тайланд пен Қырғызстанның хоккейшілері кездесіп, ойынның нәтижесі бойынша қырғызстандықтар қарсыластарын 14:5 есебімен ұтты. Осыдан бірнеше минут бұрын аяқталған Малайзия-Бахрейн кездесуінде Малайзияның спортшылары Бахрейнді 25:0 есебімен ойсырата жеңді. Бүгінгі соңғы ойында Моңғолия мен Куәйттің командалары өзара сынға түспек.

Айта кетейік, премьер-дивизионда ойнап жатқан командалар 7-ші Азия ойындарының кіші медальдары үшін сынға түсуде. Қазақстанның құрамасы болса, Азиаданың жоғары санатында үлкен медальдар үшін таласпақ.