Астанада 700 биші хореография байқауында шеберлік сынасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 ақпанда Астанада жыл сайынғы бүкілқазақстандық «Choreo» қазіргі заманғы хореография конкурсы басталады. 
None
None

Қатысушылар мен үздік хореографтар елордада шоу форматындағы жарыста бесінші мәрте бас қосады. Биыл конкурста 700 биші шеберлік сынасады, жеңімпаз 500 мың теңге көлемінде ақшалай жүлдеге ие болады.

«Choreo» аясында балалар, жасөспірімдер арасында Чемпионат, ересектер арасында іріктеу турын өткізу жоспарланған. Шара бағдарламасында оқытушыларға арналған семинарлар мен 6 жас және одан асқан балаларға шеберлік сыныптары өткізілмек. «Choreo» байқауы 26 ақпанға дейін жалғасады", - деп хабарланды қала әкімдігінің ресми сайтында.

Қазіргі заманғы хореография байқауы алғаш рет 2013 жылы ұйымдастырылған болатын, оған 200-ден астам биші қатысты. Жобаға қатысушылар Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де танымал. Мысалы, теміртаулық Мария Главатских Girls Community (Мәскеу) екінші құрамына қатысты, Мәдина Бейсекеева ТНТ телеарнасында «Танцы» жобасына өтті, бірнеше қатысушы Unidance командасының оқытушылары болып табылады, қатысушылардың көбі үздік шетелдік хореографтардан білім алуда. Сонымен қатар, «Choreo» байқауы бишілерге шараның тұрақты әріптестерінің бірі StarDanceCamp (Краснодар қ.) би лагерінде шеберлік сыныпқа қатысу мүмкіндігін береді.

Соңғы жаңалықтар