Астанада 8 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

АСТАНА. KAZINFORM — 2023 жылы жүргізілген жоспардан тыс тексеру аясында Астана қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы 288 бұзушылықты анықтап, кемшіліктерді жоюға 247 нұсқама берді. 

құрылыс
Фото: Kazinform

Сапасыз құрылыс салғаны және құрылыс-монтаждау жұмысын жүргізгені үшін - 46 ұйым, ал тиісінше бақыламағаны үшін - 7 техникалық қадағалау ұйымы және 6 ай мерзіммен аттестатты тоқтату немесе айырумен 22 техникалық қадағалау сарапшысы жауапқа тартылды.

Астана қаласының әкімшілік мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен ӘҚБтК 312-бабының 2-бөлігі, 313-бабының 1-бөлігі бойынша сапасыз құрылыс-монтаждау жұмысын жасағаны және мемлекеттік нормативтерді бұза отырып жобалық құжаттаманы қабылдамағаны үшін сегіз компания құрылыс лицензиясынан айырылған. 

  1.  «NAK development» ЖШС;
  2. «БазисДоСтрой» ЖШС;
  3. «КСМК-АФ» ЖШС;
  4. «DBK-Engineering» ЖШС;
  5. «Пропилон» ЖШС;
  6. «ANA Astana» ЖШС;
  7. «ППК» жобалау-құрылыс компаниясы» ЖШС;
  8. «X-clusive Qurylyus Group» ЖШС.
Соңғы жаңалықтар