Астанада «8 наурызға арналған сыйлықтар» көрме-жәрмеңкесі өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 1-8 наурыз аралығында Конгресс-холлда Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған «8 наурызға арналған сыйлықтар» көрме-жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтынан хабарлайды.
«8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай елорда тұрғындары мен қонақтарына көрме-жәрмеңке ұйымдастырылып, мерекелік бағдарлама ұсынылады. «8 наурызға арналған сыйлықтар» - сүйікті жандарға, әйелдерге, қыздарға, аналарға, құрбыларға арналған жарқын көрме», - деп хабарлайды ұйымдастырушылар.
Көрме-жәрмеңкеде көпшілік назарына сыйлық жиынтықтары, кәдесыйлар, зергерлік бұйымдар, косметика, парфюмерия, ойыншықтар, тоқыма, денсаулыққа және үйге арналған тауарлардың алуан түрі ұсынылады.
Айта кетейік, шара кезінде ұтыс ойындары өткізіліп, ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылмақ.
Еске салайық, көрме-жәрмеңке Конгресс-холл сарайында 1-8 наурыз аралығында күн сайын сағат 10.00-нан 20.00-ге дейін өтеді. Кіру тегін.