Астанада 8 наурызға арналған сыйлықтар көрмесі өтіп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 8 наурыз мерекесіне орай сыйлықтар көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.
1-8 наурыз аралығында елордадағы Конгресс-холл сарайының фоейсінде «8 наурызға арналған сыйлықтар» көрмесі өтіп жатыр. Көрме есігі келуішлер үшін сағат 10.00-20.00 аралығында ашық.