Астанада 8-ші қабаттан құлаған бала мерт болды

Окно терезе
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Елордалық бала «Адал-2» тұрғын үй кешенінің сегізінші қабатынан құлап кеткен.

«Бала 8-і қабаттан құлап, алған жарақаттардан сол жерде қайтыс болды. Есіл аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», - деген хабар алдық елорда Полиция департаментінің баспасөз қызметінен. 

Сондай-ақ, департаменттен қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатқанын жеткізді. 

Айта кетсек, бұл елордада болған бірінші жағдай емес. Биыл тамызда бір жасар бүлдіршін терезеден құлап, ауруханаға жеткізілген еді. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің биыл шілденің басындағы мәліметі бойынша, елімізде жыл басынан бері 100-ден астам бала терезеден құлап кеткен. 

Соңғы жаңалықтар
telegram