Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астанада 80 мыңнан астам адам сенбілікке шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әдеттегідей көктемде елордада экологиялық айлық өткізіледі. Биыл алғашқы экологиялық сенбілікті өткізу 23 сәуірге белгіленіп отыр. Елорданы тазарту жұмыстарына 80 мыңнан астам қала тұрғыны қатысады деп күтілуде.

Астанада 80 мыңнан астам адам сенбілікке шығады

Елорданың ресми сайтының хабарлауынша, жалпықалалық сенбілікке мемлекеттік ұйымдардың, шағын және орта бизнес субъектілерінің өкілдері, студенттер мен оқушылар, ПИК өкілдері, қала тұрғындары қатыспақ. Осы күні Астананың үш ауданы тұрғындарының күшімен 1000 жуық ағаш отырғызу көзделген.  

Сенбілікке 300 астам арнайы техника, әсіресе, жүк көліктері мен тиегіштер тартылмақ. Сонымен қатар, «Астана Зеленстрой» және мердігерлік ұйымдардың жұмысшылары саябақтарды, гүлзарларды жинап, ағаштардың бастарын кеседі, қоқыстарды жинап, шығарады. Экологиялық айлық барысында Астана қаласы аудандарының аумағын абаттандыру, санитарлық тазарту және көгалдандыру жұмыстары жалғасын табады.