Астанада 800 жуық бейнебақылау камерасы орнатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камералары орнатылды, олардың көмегімен елордалық полицейлер қылмыстардың жасалуына жедел әрекет ету шараларын қолданады, деп жазады astana.gov.kz.

Астанада 800 жуық бейнебақылау камерасы орнатылды

2015 жылы бейнебақылау камераларының көмегімен 210-нан астам қылмыс ашылып, 42,7 мың әкімшілік құқық бұзушылық, 17 мыңнан астам ЖҚҚ бұзу жағдайы анықталды.
Қазіргі уақытта елордада Жедел басқару орталығына қосылған 790 астам бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Сондай-ақ, бейнебақылаумен 395 қиылыс, 63 тұрғын орамы және 126 алаң, гүлбақтар мен саябақтар қамтылған.