Астанада 85 жыл бұрынғы ыстық рекорд қайта тіркелді
АСТАНА.KAZINFORM — Астанада 23 маусым күні ауа температурасы +36,8°C-қа дейін көтеріліп, 85 жылдық рекорд жаңартылды. Бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіш 1941 жылы тіркелген +36,4°C болған еді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ мәлім етті.
— 2026 жылғы 23 маусымда Астанада осы күн үшін жаңа температуралық рекорд орнатылды. Ауаның ең жоғары температурасы +36,8°C-қа жетіп, алдыңғы рекордтан 0,4°C-қа жоғары болды. Бұған дейін 23 маусымдағы ең жоғары көрсеткіш +36,4°C болып, 1941 жылы тіркелген еді, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Республика аумағындағы ауа райын солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер айқындайтын болады. Осыған байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі, желдің екпінді күшеюі және шаңды дауылдар күтіледі.