Астанада 9 айда өткір респираторлық вирус инфекциясына шалдығудың 40 мыңға жуық оқиғасы тіркелді

«Тұмау мен ӨРВИ әлемдегі ең өзекті медициналық, әлеуметтік және экономикалық мәселе болып қалуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметтеріне сәйкес, жыл сайын әлемде 3-5 млн. жуық адам тұмаудың ауыр түріне шалдығады, 250-500 мың адам көз жұмады. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг бойынша ғылыми-практикалық орталығының хабарлауынша, Қазақстанда 2012 жылы 1 044 834 ӨРВИ және 626 тұмауға шалдығу оқиғасы тіркелген. Ел аумағында ӨРВИ және тұмау белең алған кездердегі көп жылғы мәліметтерді талдау нәтижесінде қазан айынан келер жылдың сәуір айына дейін эпидемиялық маусымның болатыны болжанып отыр», - делінген хабарламада.
Бұдан басқа, 1-30 қарашада Астанада ӨРВИ, тұмау және пневмокок инфекциясының алдын алу айлығы өткізіледі. 1 желтоқсаннан бастап, ҚР халқының өткір респираторлық вирус инфекциясы мен тұмауға шалдығу жағдайларына күнделікті мониторинг жүргізілетін болады.