Астанада 9 оқушы мектеп асханасының тамағынан уланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 9 оқушы мектеп асханасының тамағынан уланды, деп жазады 24.kz.

Астанада 9 оқушы мектеп асханасының тамағынан уланды

Бұл туралы Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Майра Жүсіпова мәлімдеген.

М. Жүсіпованың айтуынша, кеше қалалық жедел медициналық жәрдем қызметіне №3 мектеп-гимназиясында бір баланың уланғаны туралы хабар келген. Алайда оқиға орнына жеткен ақ халаттылар бір емес, 9 оқушының уланғанын анықтаған. Олардың барлығы - 9-10 жастағы 3-сынып оқушылары. Алдын ала болжам бойынша балғындар ірімшіктен улануы мүмкін. Қазір департамент зардап шеккен оқушылармен жұмыс істеуде. Ал оқу ордасына тексеріс жүргізу үшін бас прокуратураның рұқсаты керек екендігін жеткізді Майра Жүсіпова.