Астанада 9 жасар бала төрт тағандап тұрудан жаңа әлемдік рекорд орнатты ФОТО/ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 9 жасар Әмір Махмет «төрт тағандап тұрудан» балалар арасында әлемдік және Қазақстан бойынша абсолюттік рекорд орнатты. Ол екбеттеген қалпы шынтағына сүйеніп 1 сағат 2 секунд тұрған.

Астанада 9 жасар бала төрт тағандап тұрудан жаңа әлемдік рекорд орнатты ФОТО/ВИДЕО

Өз рекордын Әмір Махмет 23 сәуірде Лос-Анджелесте Доминик Уэйдке қарсы жекпе-жек өткізетін қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге қолдау көрсету үшін орнатты.

Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, әдеттегі адам бұлай шамамен екі минут, ал спортшы бес минутқа жуық тұра алады.

Әмір Махмет - ҚАЭА (КИнЭС) - Қазақстандық рекордтар кітабының үш дүркін рекордшысы, әрі бокспен шұғылданады.

Ол 2015 жылы жазда кеудесін жерден 450 рет көтеріп, бірінші рекордын орнатты.

Екіншісін Ақмола облысындағы  Street Workout бойынша чемпионатта 30 секунд ішінде 50 рет кеудесін жерден көтеру арқылы орнатты.

Үшінші рет  Әмір 2015 жылы қыркүйекте Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау аясында 550 рет кеудесін жерден көтеріп, рекордшы атанды. 

1 2 4 3 5