Астанада 9 желтоқсанда жел екпіні күшейіп, көктайғақ болады
Астанада 9 желтоқсанда бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей уақытта 23 м/с сақталады, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖ Комитетінің баспасөз қызметінен.
9 желтоқсанда тәулік бойы Ақмола облысында бұрқасын, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с және одан жоғары күшейеді, кей жерлерде көктайғақ сақталады.