Астанада 90 түлек «Алтын белгі» иегері атанды

АСТАНА. Маусымның 21-і. ҚазАқпарат - Астанада 90 түлек «Алтын белгі» иегері атанды.
None
None

Сенбі, маусымның 19-ы күні Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов елорданың ең үздік оқушыларына салтанатты түрде төсбелгілерді табыс етті.

2009-2010 оқу жылының қорытындысы бойынша, Астанада 2 915 түлек тестілеуден өткен. Олардың ішінде 90 бала өз білімдерін дәлелдеп, «Алтын белгіге» ие болды, 102 үміткердің 39-ы үздік аттестат алды.

Астанадағы ҰБТ орташа көрсеткіші 97,4, балл, ал республика бойынша 84,84 балл. Елордадағы ең жоғары балға №40 мектептің оқушысы Сағындық Ғиззат қол жеткізді.

ҰБТ қорытындысы бойынша Астананың бес мектебі үздік жүз респубиликалық мектеп қатарына қосылған.

Соңғы жаңалықтар