Астанада Ә.Қастеевтің 105 жылдығына арналған көрме өтеді

АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін Астанадағы Қазіргі заман өнері мұражайында халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің 105 жылдығына арналған оның шығармаларының көрмесі ашылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Наурыздың 15-іне дейін өтетін суретшінің жеке көрмесінде 17 өнер туындысы қойылған, оның ішінде 4 кескіндеме, 12 графика және 1 мүсін жұмысы бар. Аталмыш шара шеңберінде экскурсиялар жүргізіліп, «Ә.Қастеев ? Қазақстанның тұңғыш кәсіби суретшісі» тақырыбында дәрістер оқылады. «Осында қойылған еңбектердің барлығы Астанадағы Қазіргі заман өнері мұражайының коллекциясынан алынған. Мұнда 1937 жылы салынған картиналар да бар. Астана қаласы әкімдігі мен мәдениет басқармасының көмегімен, қаржыландыруымен аталмыш еңбектерді қайта қалпына келтірдік. Бұдан басқа біздің мұражайда Әбілхан Қастеевтің 14 еңбегі сақталған», - деді Қазіргі заман өнері мұражайының директоры Нелли Шиврина.Сондай-ақ көрмеге 1968 жылы Бек Төлеков салған «Суретші Ә.Қастеевтің портреті» қойылған.ҚазАқпарат анықтамасы: Ә.Қастеев 1904 жылғы қаңтардың 1-інде Талдықорған облысы Жаркент ауданының Шежін ауылында малшы отбасында дүниеге келді. 1912-1928 жылдары туған ауылында шопан, Жаркентте қара жұмысшы, Түрксіб теміржолы кұрылысында жер қазушы болды. 1937 жылы КСРО Суретшілер одағының мүшелігіне қабылданды. 1944 жылы ҚазКСР еңбегі сіңген өнер қайраткері және ҚазКСР халық суретшісі атақтарына ие болады. Ә.Қастеев он мыңнан астам картиналар жазған. Қазір оның шығармалары еліміздің мәдени мұрасына айналған, олар шын мәнінде республиканың көркемөнер жылнамасы болып есептеледі. Қазақстан өнерін дамытудағы сіңірген еңбегі үшін ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен, «Құрмет белгісі» (1974ж.), Еңбек Қызыл Ту (1959,1967 жж.), Қазан Революциясы (1971ж.) ордендерімен және медальдармен марапатталды. Екі рет ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды 1973 жылғы қарашаның 3-інде 69 жасында Алматыда қайтыс болады.
Соңғы жаңалықтар