Астанада Ә.Молдағұлова көшесі жартылай жабылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қыркүйектің 15-і мен 25-і аралығында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Ә. Молдағұлова көшесінің Жеңіс даңғылынан Бекетай көшесіне дейінгі бөлігі жартылай жабылады. Бұл туралы қала әкімдігінің сайты хабарлады.

Астанада Ә.Молдағұлова көшесі жартылай жабылады

Еске салайық, 15-30 қыркүйек аралығында Желтоқсан көшесінің Кенесары көшесінен Ирченко көшесіне дейінгі бөлігі жабық болады. Сондай-ақ, 17-30 қыркүйекте Желтоқсан көшесінің Абай даңғылынан Сейфуллин көшесіне дейінгі бөлігі жартылай жабылады.