Астанада А.Бараев көшесінің бөлігі ішінара жабылады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін, 29 тамыз мен 1 қыркүйек аралығында Астанада А.Бараев көшесі бойынша Республика даңғылынан Ш.Уәлиханов көшесіне дейінгі учаскеде жоғарғы қабатын салу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

көше
Фото: ЖИ

Бұл ретте қозғалыс екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.

- Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз, - делінген хабарламада.

Алматыда Байзақов көшесінің бөлігінде 2 аптаға қозғалыс шектелетінін жазған едік.