Астанада Abu Dhabi Plaza қонақ үй кешені EXPO-2017-ге дейін толық тұрғызылып бітеді
АСТАНА. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Төбесі көк тіреген Abu Dhabi Plaza кешенінің құрылысы Астана қаласында 2016 жылдың қараша айында толық аяқталады. Бұл жайында muslim.kz сайты BikyaNews-ке сілтеме жасап хабар таратты.
«Бұл кешенде кеңселер үшін 90 мың шаршы метр аумақ қарастырылған. 88 қабаттан тұратын кешенде 598 апартамент болады. 111 мың шаршы метр аумақты екі қонақ үй және сауда орындары алады», - деді Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшісі Асқар Мусинов.
Бір айта кетерлігі, алдағы уақытта бой көтеретін бұл кешен Орталық Азиядағы ең зәулім ғимарат болайын деп тұр.
Оның айтуынша, аталмыш жоба Астананың экономикалық аймағын кеңейтуге мүмкіндік береді. Abu Dhabi Plaza ел астанасының экономикасын алға сүйреп, даңқын асырады.
Жобаға Әбу-Даби 1,5 миллиард доллар құяды.