Астанада Абылай ханның 300 жылдығына арналған «Астана-Көкшетау» марафоны басталды

АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Астанада Абылай ханның 300 жылдығы қарсаңында «Астана-Көкшетау» марафоны жарқын оқиғалардың бірі болмақ.
None
None

Марафоншылар Астанадан 280 шақырымдағы Көкшетау кең даланың жазығын әйгілі басқарушы, талантты қолбасшының туған жеріне дейін жол жүрмек. Марафонға 25-тен 45-ке дейінгі әр түрлі жастағы 15 адам қатысады. Олар мұндай ерекше іс-шаралар ұлт тарихына қызығушылықты ояту үшін ұйымдастырылғанына сенімді. Марафон 4 қазанда сағат 10.00-де «Қазақ елі» монументінің алдында басталады. Марафонға қатысушылар қашықтықты эстафета қағидасы бойынша жүріп өтпек: әр марафоншы әр 5-ші шақырымда екінші марафоншыны алмастырады.

Іс-шараға «Желтоқсан ақиқаты» Патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі бастамашылық етті.

«5 қазанда сағат 10.00-де Көкшетаудағы Абылай хан алаңына жетуді жоспарлаудамыз, бұл уақытта ол жерде әйгілі қолбасшы, дана басқарушының 300 жылдығына арналған салтанатты шеру басталады», - деп хабарлады «Желтоқсан ақиқаты» Патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бейсенғазы Нүкен.

Оның сөзіне қарағанда, ерекше іс-шараның мақсаты - жастардың ұлт тарихына, атап айтқанда, тарихта талантты стратег, дана басқарушы болып қалатын Абылай хан сияқты жарқын тұлғаларға деген қызығушылығын ояту.

Іс-шара "Нұр Отан" партиясының және мәдениет министрлігінің қолдауымен өтеді.

Еске сала кетейік, 5-6 қазанда Ақмола облысында Абылай ханның 300 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтеді.

Соңғы жаңалықтар