Астанада адам қаққан көлік жүргізушісі табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Полиция жол жиегінде қар күреп жатқан адамды қағып кеткен көлік жүргізушісін анықтады. Бұл жайында Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Іздеу шаралары барысында 1970 жылы дүниеге келген жүргізуші анықталып, Астана қалалық ІІД жергілікті полиция қызметіне жеткізілді. Жүргізушіден көлік құжаттары алынды. Автомобиль процессуалды шешім қабылбау үшін арнайы есепке тіркелді», - деді Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова.
ІІД ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта зардап шеккен азамат іздестірілуде. Әлі күнге дейін ол полицияға шағымданбаған.
«Зардап шегуші жүргізушіге қатысты полицияға мына нөмірлер арқылы хабарласуы қажет: 87017777189, 8 702 999 91 04", - деді ішкі істер департаментінен.
Бұған дейін Астанадағы тар көшелердің бірінде қар күреп жүрген жігітті жоғары жылдамдықпен жүйткіген көлік қағып кеткенін хабарлаған болатынбыз.