Астанада адам өлшемдері мәселесіне арналған дөңгелек үстел отырысы өтті
АСТАНА. Қазанның 15-і. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Адам өлшемдері саласындағы құқықтық мәдениетті көтерудің халықаралық және отандық тәжірибесі» атты тақырыпта дөңгелек үстел отырысы өтті.
Аталмыш шараны «Құқық дамыту орталығы» қоғамдық қоры Мәдениет министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды. Шараға Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйым өкілдері, халықаралық сарапшылар мен ғалымдар қатысты. Басқосуда олар гендерлік теңдік, көші-қон саясаты, адам саудасына қарсы тұру, төзімділік, біреудің құқына қол сұқпау, тәуелсіз сот биілігі, діни сенім бостандығы, құқық қорғау саласын реформалау сияқты кең ауқымды мәселелер бойынша өзара пікір алмасты.
«Құқық дамыту орталығы» қоғамдық қоры адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы шараларды жүзеге асыру бағытында жүргізіліп жатқан реформалармен таныстырады. Сондай-ақ адам өлшемдері саласындағы шараларды ұйымдастыруға қолғабыс тигізеді.