Астанада әдебиетші Мұрат Әуезов пен жазушы Анатолий Ким оқырмандармен кездесуде

АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Астанадағы Президенттік мәдениет орталығының оқу залында белгілі мәдениеттанушы, Мұхтар Әуезов атындағы қордың президенті Мұрат Әуезов пен жазушы Анатолий Кимнің оқырмандармен кездесуі өтуде,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Аталмыш басқосуға Президенттік мәдениет орталығының президенті Мырзатай Жолдасбеков, драматург, аудармашы Анатолий Ким қатысуда. Кездесу аясында «Мұхтар Әуезов ? қазақ әдебиетінің алтын діңгегі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, республика бойынша міндетті түрде оқылатын әдебиеттер қатарына кірген Мұхтар Әуезовтің шығармалары талқылануда.Сондай-ақ бүгін сағат 18:30-да Президенттік мәдениет орталығының концерт залында Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының орыс тіліне аударылған жаңа нұсқасының салтанатты тұсаукесері өтеді. Салтанатты шараға ҚР Президенті Әкімшілігі мен Үкімет мүшелері, ҚР Парламентінің, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің, республикалық БАҚ өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен партия басшылары, қала тұрғындары мен қонақтары қатысады.
Соңғы жаңалықтар