Астанада әділет департаменті басшысының орынбасары пара алғаны үшін ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің қызметкерлері азамат Д-ның кеңсе қызметіне орналасуы үшін одан аттестаттау комиссиясының оң нәтижесіне 5000 АҚШ доллары көлемінде пара алғаны үшін әділет департаменті басшысының орынбасары А.К. Рақышевты ұстады.

Астанада әділет департаменті басшысының орынбасары пара алғаны үшін ұсталды

«А.К. Рақышев ҚР ҚПК 128-бабы бойынша ұсталып, Астана қаласы ІІД уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Оның әрекеті ҚК 366-бабы (пара алу) бойынша жіктелді. Қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды, бұл санкцияны Астана қаласының прокуратурасы қолдады. Астана қаласы №2 Алматы аудандық сотының санкциясына сәйкес, А.К. Рақышевқа қатысты 2016 жылғы 26 маусымға дейін екі ай мерзімге бұлтартпау шарасы қолданылады», - деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметінде.