Астанада адвокат өз қорғалушысының заңсыз сотталуына жол бермек болған
«Әділет департаменті жұртшылыққа көрсетілетін адвокаттық қызметтің сапасын арттыру мақсатында астаналық Адвокаттар алқасымен тығыз өзара әрекеттесіп отыр. Мәселен, өткен жолы Б. есімді азаматтан өз адвокатының заңсыз әрекетіне қатысты арызы келіп түсіп, соған байланысты «Мемлекеттік бақылау және қадағалау» заңына сәйкес, жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Соның нәтижесінде адвокаттың адамды заңсыз бас бостандығынан айыруға жол бермек болғаны анықталды. Яғни, адвокаттың қызметінен қылмыстық жазаға тартуға болатындай әрекеттер анықталып отыр. Осыған орай, тексеру материалдары Астана қалалық ішкі істер басқармасына процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды», - деді Қанат Мусин.
Айта кетерлігі, елордалық әділет департаментінің мәліметтеріне қарағанда, Астана қаласында адвокаттардың жалпы саны 393-і құрайды, 5 заңгерлік консультациялар мен 11 адвокаттық кеңсе жұмыс істейді.
«Адвокаттардың заңсыз әрекеттері туралы азаматтар тарапынан түскен шағым бойынша әділет қызметкерлері жедел ден қою шараларын атқарылып келеді», - дейді департамент басшысы.