Астанада аэробты гимнастикадан жарыс өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада аэробты гимнастикадан жарыс өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Астананың Аэробты гимнастика федерациясының хабарлауынша, жарыс 16 сәуір күні басталып, ерлер мен қыздардың жеке өнері, аралас жұптың өнер, үштік қойылым, құрамында 5 адамнан тұратын топтың қойылым, аэроданс, аэростеп сынды бағыттарда өтеді.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Халықаралық гимнатистика федерациясының ережесін сәйкес әрбір бағдарлама бойынша анықталады.
Бәсекеге 2000 және 2012 жылдары аралығында дүниеге келген балалар жіберіледі.
Ұйымдастырушылардың атап өтуінше, спорттық шара Қазақстандағы аэробты гимнастиканы және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізіледі.