Астанада ағымдағы жылдың қаңтар айында 900-ден астам жаңа пәтер пайдалануға берілді

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - 2013 жылдың қаңтар айында Астанада тұрғын үй құрылысына жұмсалған инвестиция көлемі 2012 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 26,8 пайызға артты. Бұл туралы аstana.kz сайтына қалалық Статистика департаментінен мәлім етті.
None
None

Биылғы жылы 931 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Департаменттің мәліметі бойынша, пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы көлемі 95 310 шаршы метрді құрады. Ол 2012 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 32,5 пайызға аз. Аталған мерзімде жеке үй салушылар жалпы көлемі 5705 шаршы метр үй тұрғызды. Бұл 2012 жылдың сәйкес мерзімі деңгейімен салыстырғанда 84,8 пайызды құрайды. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінде жеке тұрғын үй салушылардың үлесі 6%, ал 2012 жылы ол 4,8%-ды құраған болатын.

«Құрылыстың 1 шаршы метрінің нақты бағасы 2013 жылдың қаңтар айында орташа алғанда 96,2 мың теңге болды. Тұрғын үйдің пайдалы алаңының нақты орташа бағасы 1 шаршы метріне 129,1 мың теңгені құрады (2012 жылдың қаңтарында - 165,0 мың теңге болатын)», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар