Астанада Ахмедия Есмұқановтың шығармашылық кеші өтеді
АСТАНА. 26 ақпан. ҚазАқпарат - 2013 жылдың 5 наурызы күні Астанада ҚР Мәдениет қайраткері, композитор Ахмедия Есмұқановтың шығармашылық кеші өтеді.
А.Есмұқанов 200-ге жуық әннің авторы. Танымал әндерінің қатарында «Тамшылар», «Бір тамшы жас», «Алау гүл», «Махаббат сәулесің», «Балапаным», «Есіл ағады», «Қарағанды», «Нұрлы бейне», «Ағалар», «Сен мені түсінбедің», «Түн» және тағы басқалары бар.
Әндерін қазақ эстрадасының жұлдыздары Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Қыдырәлі Болманов, Қарақат Әбілдина, Қайрат Нұртас, сондай-ақ «МузАрт», «Каспий» топтары орындайды.
Астана қалалық Цирк ғимаратында өтетін ән кешінің қонақтары - «МузАрт» тобы, әншілер Қ.Болманов, Қ.Әбілдина және тағы басқалар.
Билеттер Цирк ғимаратының кассасында сатылуда.