Астанада Ахметовтер әулеті «Мерейлі отбасы» байқауында үздік деп танылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ халқы ықылым заманнан бері отбасы құндылығын жоғары қойған. «Әйел - үйдегі ырысың, ұл - айбарлы қылышың, қыз - түздегі өрісің, келін - кеңейген тынысың», - деп айтып отырған.
Елімізде Мемлекет басшысы бастамасынан қуат алған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы биыл екінші рет өтті. Қазір әр өңірде ұлттық құндылықты сақтап, салт-дәстүрді дәріптеп, саналы ұрпақ тәрбиелеуде зор үлес қосып жүрген отбасылар марапатталуда. Астанада өтінім берген 44 отбасының ішінде Ахметовтер әулеті үздік деп танылды, деп хабарлайды astana.kz.
«Отбасы мықты болса, мемлекет мықты болады. Бірінші орын алғанымызға өте қуаныштымыз,-дейді «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы Кендай Ахметов.
Ата-ана - отбасы діңгегі деп білетін Кендай аға мен Күлән апай өз міндеттерін мүлтіксіз орындап, бір-біріне деген құрметі арқылы ұл-қыздарына үлгі болып келеді. Дастархан басына жиналып, ашық әңгіме құрып, қал сұрасу Ахметовтердің айнымас қағидасына айналған.
Ахметовтердің теміржолшылар династиясы 1260 жылдан бері жалғасып келеді. Кендай аға мен Күлән апайдың отасқанына 40 жыл болған. Үш қыз бір ұл тәрбиелеп, олардан 6 немере сүйіп отыр.
Енді астаналық жеңімпаз отбасы күзде өтетін республикалық сайыста бақ сынайды.